
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда балалардың қандай жағдайда серуендеуге болатыны айтылды
Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысында айтылған.
«Балалардың серуендеуіне ата-анасымен бірге жүрген жағдайда тұрақты мекен-жайы маңынан 200 метрден қашық емес аумақта (ойын алаңдарында) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Уақыт бойынша шектеу 10:00 — 12:00, 17:00 — 20:00 аралығын қамтиды» делінген қаулыда.