Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Атырауда балалар арасында кавасаки синдромы тіркелген жоқ

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, кавасаки синдромы ​ жұқпалы дерт емес.

​«Кавасаки синдромы — тамырішілік ​ жүйелік қабыну. Бұл 5-15 жас аралығындағы балаларда кездеседі. Бірақ, ауру мың баланың ішінде бір балада немесе он мың баланың ішінде бір балада тіркелуі ​ мүмкін. Тағы бір ескерерлігі, отбасы мүшелерінің бірі коронавируспен ауырған жағдайда, сол жанұяның балаларында кавасаки синдромы кездесуі мүмкін» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Балалар бөлімінің меңгерушісі Марат Шуақбаев.

Дәрігер Марат Шуақбаевтың айтуынша, кавасаки синдромының алғашқы белгісі — бірінші күні дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, екінші күні ​ баланың бетіне бөрітпе шығады.

«Уақытында ем қабылдамаса, бөрітпе аяқ-қолға да тарап, мойын ісінеді. Төртінші-бесінші күндері дене қызуы жалғасып, бала басын бұра алмайтын, жағын аша алмайтын жағдайға жетеді. Бұл жердегі ата-ананың​ міндеті балада осындай белгі пайда болған жағдайда, дәрігер шақыру» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Балалар бөлімінің меңгерушісі Марат Шуақбаев.

Кавасаки синдромының белгілері пайда болған жағдайда жалпы қан талдауы, қанның қоюлығын немесе сұйықтығын қалыптастыратын зерттеу және ​ белокқа анализ тапсыру қажет.

«Бір күн ішінде дайын болатын осы қан талдамаларын тапсыру арқылы, ем қабылдауға болады. Денсаулықтың кепілі – күннің көзі, су, ауа, тамақ. Осы балансты қалыпқа келтірген жағдайда, баланың иммунитеті​ жақсарады» деп нақтылады ​ дәрігер Марат Шуақбаев.

Айта кетелік, коронавирус инфекциясы мен кавасаки синдромы екеуін шатыстыруға болмайды. Кавасаки синдромы туралы алғашқы сипаттаманы 1967 жылы жапон ғалымы Кавасаки жазып ​ қалдырған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button