Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда балабақшалардың жұмысы не себепті тоқтамайтыны айтылды

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Төтенше жағдайға байланысты Атырауда кешенді шаралар жүзеге асуда.

Оның бірқатарын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев, «Сұлтан палас» кешенінің құрылтайшысы Бауыржан Жолмұханов айтып берді.

Қазір облыста ірі сауда нысандарының қызмет ету уақыты шектелді. Санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тнәлиевтің баяндауынша, аталған нысан таңертеңгі 10-нан кешкі 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал, зат-бұйым базарларының жұмыс мезгілі 11:00 мен 17:00-ге дейін белгіленіп отыр.

–Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде, тамақ базарларында санитарлық және инфекциялық шаралар жүйелі жүзеге асуда. Олар қалыпты жұмысын жасап жатыр. Қоғамдық көліктердің іші залалсыздандырылуда, — деді шаһар басшысының орынбасары.

Бүгінде мектеп оқушылары демалысқа шықты. Дегенмен, балабақшалардың күнделікті қызметінде өзгеріс болған жоқ. Сондықтан, «Атырау» газетінің тілшісі осы мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына қатысты сұрақ қойды.

–Балабақшалардағы дизинфекциялық іс-шаралар – санитарлық қадағалау орындарының басты назарында. Ол жоспарлы түрде орындалып отыр. Дегенмен, қоғамда «мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы неге тоқтатылмайды?» деген сауалдар жиі қойылады. Соған орай айтарым, қазір көп ата-ана жұмыста болғандықтан, балаларын қалдыратын жері жоқ.

Осы мәселеде кейбір тұрғындар онлайн режимде жұмыс жасап немесе еңбек демалыстарын алып, балаларын үйде тәрбиелеуге ұмтылуда. Мәліметтерге сәйкес, қала бойынша мемлекеттік балабақшаға 15 мың бүлдіршін тіркелсе, қазір соның 40 пайызы, яғни 6800-і барып жүр. Жалпы, ата-аналар бүлдіршіндерін көпшілік орындарға апарғысы келмейтіні байқалады. Бұл кеселден сақтану мақсатынан туған ой екені анық, — деді Ұлықбек Тнәлиев.

Сауда орындарындағы ойын-сауық аймақтарының, кинотеатрлардың, театр, көрмелердің, фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының қызметіне тыйым салынды.

Бұл тізімде түнгі клубтар мен кальян мекемелері, халық көбірек жиналатын басқа да нысандар бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов кафе-ресторандардың қызметі 22:00 сағатқа дейінгі уақытпен шектелгендігіне тоқталды. Ал, келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс.

–Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 476 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, — деді құрылым жетекшісі.

Азамат БАЗАРБАЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-koronavirus-zhұқtyrғandardyң-sany-27-adamғa-zhetti/?fbclid=IwAR1X40KSVpIUzhvLVJ-bemRXCZU9tQlDIaa8Km4Kyo-WEVN-b3vtknxAaG8

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button