Атырау облыстық ауруханасында жоспарлы емдеу басталды

zbou6ete Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. «Қазіргі уақытта 300 орынға арналған «таза аймақта» 120 науқас ем қабылдап жатыр» деп хабарлайды Атырау облыстық ​ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. ​ ​

«Аурухана көпсалалы қызметіне, яғни, диагностика, емдеу, күрделі операциялар бойынша жұмысына қайта кірісті. Бүгінде науқастарға хирургиялық, терапиялық бейінде медициналық қызмет көрсетіліп жатыр» дейді Атырау облысы ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Бұдан бөлек, аурухана жанынан консультациялық қызмет көрсететін орталық жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық кереуеттер саны 32 пайызға қысқарды. Карантиндік орындар жабылды. Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 75 пайыздан астамы сауығып шықты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз