Жаңалықтар
Атырауда балабақша бүлдіршіндерді «асық терапиясы» арқылы тәрбиелеуде
Атырау қаласындағы № 33 “Көркемай” бөбекжай- бақшасында қазақтың ұлттық ойыны — асық ату дәріптелуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
№ 33 “Көркемай” бөбекжай- бақшасының директоры Гүлбану Қонаеваның айтуынша, асық ату ойынын үйрету балалардың ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді. Осы асық терапиясы облыс көлемінде өз тәжірибелерін таратып үлгерген.
- Балабақшадағы асық ойнай бастаған баланың бойындағы өзгерістерді педагогтар мен ата-аналар байқай бастады. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Дене шынықтыру ойындары қатары да ұлттық асық ойындарымен толықты. Баланың логикалық ойлауы,көзбен көруі арқылы есте сақтау қабілеті артады, эстетикалық талғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп тапсырмаларды орындау барысында шапшаңдыққа үйренеді, — деді ол.
Айта кетейік, балабақшадағы асық терапиясы өз жұмысын 2018 жылы бастаған.