Атырауда бағасы жоғарыламауға тиіс 9 азық-түлік түрі бекітілді
Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, Үкімет төтенше жғдай кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шектен тыс қымбаттамауына ерекше мән беріп отыр.
Соның бір айғағы — ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қоюы.
Аталған құжатқа сай, бүгінгі күннен бастап ең көп сатылатын 9 азық-түлік түрі анықталып, әр аймақтың нарықтық ерекшелігі ескеріле отырып оларға шекті бағалар белгіленді.
Атырау облыстық ауыл шаруашылығына бұйрық бүгін жетті. Шағын және орта кәсіп өкілдеріне бұйрық таратылып, түсіндіріледі. Дүйсенбіден бастап облыс көлемінде азық-түліктің 9 түрінің шекті бағадан асып кетпеуін жергілікті органдар қадағалауға кіріседі.
«Atr-Ақпарат»