Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда «Қазмұнайгазсервис–2019» конференциясы өтіп жатыр

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Атырауда Қазақстандық үлесті ұлғайтуға арналған «Қазмұнайгазсервис–2019» конференциясы өтіп жатыр. Бұл айтулы шараның сегізінші рет ұйымдастырылуы.

Былтыр мұнай-сервистік қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2,8 трлн. теңгені құрады. Ол 2017 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық. Еліміздегі мұнай сервисі саласындағы барлық сатып алудың 75 пайызы «Теңізшевройл» ЖШС-нің үлесіне тиеді.

 Биылғы конференция мұнай-газ саласындағы инжиниринг пен құрылыс мәселелеріне арналып отыр. Мұнда мұнай-газ компанияларының сатып алуларында қазақстандық қамтуды арттырудың мүмкіндіктері талқылануда. Инжиниринг пен геофизикалық қызметтер бойынша еліміздің компанияларының үлесі 10 пайыздан аспайды. Оның көлемін ұлғайту қажеттілігі туындауда. Қазір үлкен мүмкіндіктер алдында тұрмыз. Сондықтан бізге, қазақстандық сервистік компанияларға осы жобаларға тең дәрежеде қатысуға қол жеткізу керек, — деді  Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов.

1 e1491409596312

Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, елімізде 1000-нан астам мұнай сервистік компания жұмыс жасайды. Мұнда 170 мыңдай адам еңбек етеді.

– Тауар, жұмыс және қызмет сатып алуындағы басым бөлігі «Теңізшевройлдан» өзге, «Қарашығанақ ПетролиумОперейтинг» және «NCOC» компанияларының негізгі жобаларына тиесілі. Қазақстан бизнесі дамуының негізгі бөлігі мен әлеуеті осы жобалардың айналасына шоғырланған, — деді Энергетика бірінші вице-министрі.

Конференцияда Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарын игеруші компания өкілдері қазақстандық компаниялардың кеңейту жобаларына қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Сонымен қатар, саланы дамыту үшін отандық мұнай-сервистік құрылымдарды несиелендіру мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button