Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда азаматтар әскери қызметке шақырылып жатыр

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Облыста жыл басынан бері 504 адам әскерге жөнелтілген.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл облыстан әскерге жіберілуге жүктелген азаматтардың жалпы саны — 669 адам. Қазіргі уақытта оның 504-і азаматтық борышын өтеуге аттанған.

-Жастарды әсіресе, ер азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың болмыс-бітіміне батылдық пен жауапкершілік сезімін сіңдіре білу — өте маңызды. Осы орайда өңіріміздің азаматтарын мерзімді әскери қатарына шақыру жұмыстары маңызды рөл атқарады, — деді Айдос Аманғалиев.

Сондай-ақ, әскерге шақырушылар оқу орындарын аяқтамай әскер қатарына жіберілмейді. Тек азаматтар өз еркілерімен оқу мерзімдерін уақытша тоқтатып, әскери қызметке шақырту ала алады.

Бүгінде әскер қатарына шақыруға орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Өйткені, физикалық дайындық пен моральді-психологиялық дайындықтан бөлек, білім де әскер үшін өте маңызды. Бұл ретте әр сарбаз әмкери тапсырманы уақытылы, сапалы әрі нақты орындауы тиіс, — деп қорытындылады облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button