Атырауда автосалоннан өрт шықты
Атырау қалсында автосалоннан өрт шықты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 қазан күні түнгі 03 сағат 17 минутта Атырау қаласы Әбілхайыр хан данғылы бойында орналасқан автосалондардың бірінде түтін шыққаны бойынша шакырту түсті. Жалпы ауданы 1600 шаршы метр ғимараттың төбе жабындысының жануы анықталды. Өрт салдарынан төбе жабындысының 150 шаршы метр бөлігінің өртенуі болды. Өрт кезінде күшейтілген режимде күштер мен құралдар жұмылдырылып, нәтижесінде 04 сағат 59 минута жойылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!», — деп жазылған хабарламада.
Департаменттің хабарлауынша, өрт кезінде автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік және қызметтік орг техникалар ғимараттан шығарылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылған.