
Жаңалықтар
Атырауда автобустар қозғалысындағы бұзушылықтарды онлайн анықтауға болады
Аялдамаларға тоқтамау, жылдамдықты асыру – жаңа диспетчерлік жүйе іске қосылғаннан кейін автопарк иелері мұндай олқылықтарды жедел анықтап, ретке келтіру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Smart Qala» ЖШС директоры Марғұлан Ешмановтың айтуынша, жаңа диспетчерлеу бағдарламасына сәйкес, қазіргі уақытта автопарктердің иелері мен коммуналдық қызмет өкілдері автобустардың аялдамаларға тоқтамауын, белгіленген сызбадан ауытқуын және жылдамдықты асыру сияқты бұзушылықтарды өздері бақылап, жүргізушілер тарапынан кеткен мұндай кемшіліктерді дер кезінде түзете алады.
Мадина Серікқызы