Атыраулық полицейлер пәтер ішінде заңсыз бал өнімдерін дайындаған тұлғаны анықтады

screenshot 2 4 Жаңалықтар

15 қаңтар күні Атырау қалалық полиция басқармасының №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне Орталық ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатыны туралы хабарлама келген.

«35 жастағы азаматтың жалдамалы пәтер ішінде санитарлық талаптарды сақтамай пәтердің едені мен жуынатын бөлмесінде бал өнімдерін дайындап және бұл кәсіппен тиісті кәсіпкерлік рұқсат құжаттарсыз айналысып жатқандығы белгілі болды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз