Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда ауылшаруашылық мамандарының мерекесі аталып өтті

Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Өз кәсіби мерекелерінде елуге жуық агроөнеркәсіп кешені жұмысшылары медаль, төсбелгі, құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.

Ауылшаруашылығы секторы мамандарын құттықтай отырып, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, аталған саланың ел экономикасының дамуындағы сүбелі үлесін атап өтті.

— Меніңше, бұл күн еліміздегі кәсіби мерекелердің ішіндегі маңызы зоры. Халқымыздың жартысына жуығы ауыл-аймақтарда тұрады. «Ауыл — ел бесігі» деп те бекер айтпайдя. Бұл өз еңбегімен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған жандардың мейрамы. Тұрақтылық пен агроөнеркәсіп кешенінің жоғары дәрежеде дамуы — сіздердің арқаларыңыз.

Мемлекет, өз кезегінде, ауылшаруашылығы тауарын шығарушыларды қолдау мен олардың дамуына бар жағдай туғызып отыр. Өз тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін субсидия бөлу, жаңа мемлекеттік бағдарламалар енгізу секілді кешенді іс-шаралар атқарылуда. Сала мамандарына табыс, қажымас қайрат және жаңа жетістіктер тілеймін, — деді Серік Шапкенов.

whatsapp image 2019 11 16 at 13.38.25
whatsapp image 2019 11 16 at 13.38.24

Бүгінгі таңда Атырау облысы тек ірі өнеркәсіптік аймақ қана емес, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бет алған өңір. Облыстың ауылшаруашылығы секторында 2,6 мыңнан астам кәсіпорын — несиелік серіктестіктер, сервистік орталықтар, шаруа қожалықтары  жұмыс істейді. Ағымдағы жылы АШК саласын субсидиялау мақсатында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 3,3 млрд теңге бөлініп, олар толықтай игерілді. Мал шаруашылығында да өсім байқалады. Жыл басынан бері өңірде 33,8 мың тонна ет алынып, 50,3 мың тонна сүт пент 90,7 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Егіншілер 9 мың гектар жерге ауылшаруашылығы өнімдерін екті. Одан 27 мың тонна картоп пен 82 мың тонна көкөніс алынды. яиц. Ағымдағы жылы олардың аумағы 16,5 гектарға жетті. Өткен жылы жылыжай шаруашылықтарына 2,5 мың тонна көкөніс өнімі алынды. Биыл өнім көлемі одан да көп болады деп күтілуде. Шара барысында ауылшаруашылығы қызметкерлері саланың дамуына қосқан үлесі, ерен еңбегі үшін ауылшарушылығы министрі атынан медальдармен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button