Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда ауылшаруашылық басқармасының басшысы ауысты

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов активте Ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бұл лауазымға ішкі конкурстың қорытындысына сәйкес, облыс әкімінің Өкімімен Саламат Амангелді Сағидоллаұлы тағайындалды.

«Амангелді Саламат осы уақытқа дейін бірқатар жауапты жұмыстарды атқарып келді. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы басқармасына тың бастамалар мен жаңаша серпін әкеледі деп ойлаймын»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Саламат Амангелді Сағидоллаұлы 1983 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика, Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, Атырау мұнай және газ институтын мұнай және газ ісі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Атырау облысы ауыл шаруашылығы департаментінде қаражат және несие саясаты бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2006-2010 жылдары осы департаментте  балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, экономикалық талдау және болжау бөлімінің бас маманы, Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Индербор кентінің әкімі лауазымдарын атқарған.

2011-2013 жылдары «ИндергазСтройСервис» ЖШС директорының орынбасары, «АгроСтройИндер» ЖШС директоры қызметтерінде болды.

2016-2018 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы коммуналдық мекемесінің директоры, 2018-2020 жылдары Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. 

Айта ету керек, Амангелді Сағидоллаұлы 2020 жылдың шілдесінен бері Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді. 

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button