Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда ауыл шаруашылығына берілген субсидиялар бюджетке қайтарылды

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Атырауда ауыл шаруашылығына берілген субсидиялар бюджетке қайтарылды.

«Өткен жылы жергілікті құс фабрикалары өздеріне тиесілі субсидияларын ала алмады, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы сол жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген 800 млн. теңгені республикалық бюджетке қайтарды. Облыстағы құс фабрикаларының субсидия алуға байланысты проблемасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қаралды», — деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаева.

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтың хабарлауынша, бүгінгі таңда өтінім берген 100-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкерлері субсидия алу мәселесі бойынша жауап күтіп отыр.

«Бүгін біз басқа уәкілетті органдардың қатысуымен тексеруді бастадық. Егер расталатын болса, барлық кемшіліктер үшін қатаң заңды бағалау жүргіземіз. Тексеріс қорытындысын күту керек, одан кейін кәсіпкер қаласа, сотқа жүгінуіне болады. Өз кезегінде біз де кәсіпкерге заң аясында қолдау көрсетуге әзірміз», — деді кеңес отырысына қатысқан Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button