Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Ауыл» партиясының өңірлік семинары өтті

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы кезектен тыс конференция өткізіп, партия белсенділеріне арналған ауданаралық семинар ұйымдастырды. Іс-шара партияның 25 жылдық мерейтойына орайластырылып, кадрлық әлеуетті нығайту мен саяси білімді арттыру мақсатын көздеді.

Шараға партияның орталық аппаратынан арнайы делегация, өңірлік филиалдың белсенді мүшелері, сала мамандары және жас буын өкілдері қатысты. Конференция барысында партия тарихына арналған бейнеролик көрсетіліп, ұйым дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар мүшелер мерекелік медальдармен марапатталды.

whatsapp image 2025 08 05 at 10.36.01 2

Ауданаралық партактив семинары — «Ауыл» партиясы қолға алған білім беру бастамаларының бір тармағы. Семинардың ашылуында Атырау облысы бойынша өңірлік филиалдың төрағасы Нұртас Байжанов қатысушыларға арнаған сөзінде бұл басқосудың маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Бүгінгі жиын – жай ғана конференция емес, бұл – болашаққа бағытталған нақты әрекеттеріміздің бастамасы. Партиямыздың жаңа серпіні, жаңарған кадрлық әлеуеті мен жас буын белсенділерінің қатысуы – біздің ортақ жеңістеріміздің кепілі болмақ. Семинардың негізгі мақсаты – партия мүшелерінің саяси, цифрлық, коммуникативтік сауаттылығын арттыру. Мұндай кездесулер — өзара тәжірибе алмасуға, байланыстарды нығайтуға, алдағы жұмыстарымызды жүйелеуге үлкен мүмкіндік береді», — деді ол.

whatsapp image 2025 08 05 at 10.36.01

Семинар бағдарламасы бойынша қатысушылар екі параллель топқа бөлініп, бірқатар маңызды бағыттар бойынша тәжірибелік дәрістерге қатысты. Атап айтқанда, партияның саяси тұғырнамасы, сайлауалды науқандарды жүргізу, медиа ресурстармен тиімді жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі және цифрлық сауаттылық тақырыптары қамтылды. Әр дәрісті орталық аппарат пен өңірлік филиалдан келген білікті мамандар жүргізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button