Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда аулаларды абаттандыру жұмыстары толығымен қазан айында аяқталады

Өткен жылы пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың ұсыныстары бойынша 100 ауланы абаттандыру жұмыстарына мердігер мекеме анықталып, бүгінде жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары Бақтияр Хамидуллаев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр «Атырау қаласындағы 100 ауланы абаттандыру» жобасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд 37 млн қаржы бөлінген. Бүгінде мердігер мекеме анықталып, жұмыс қарқынды жүруде.

c9330422 fc56 41f5 990a d13b340b5c25

— 100 ауланы абаттандыру жобасы бойынша «Атырау көлік» ЖШС, «Риголит» ЖСШ, «Sheberbuid» ЖШС мекемелері анықталып, қаладағы тұрғын үйлердің аулаларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Қазір орталық көшелер, Балықшы, Авангард және Лесхоз, Алмагүл ықшам аудандарында аулаларды жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Биыл ауылішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары, балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу, кіші аяқ доп алаңдары жаңартылады. Осы жобалар толығымен қазан айында аяқталып, қолданысқа беріледі, — деді Б. Хамидуллаев.

Оның айтуынша, қаладағы мына мекенжайлар бойынша абаттандыру жүргізіледі. Яғни А.Құнанбаев көшесіндегі №20, №22 үйлер, Сарыарқа ықшам ауданындағы №37, №38 үйлер, Сатпаев көшесі №24, №26, №28, Нұрсая ықшам ауданы бойынша №20, №22-28, №55-60, №72,73,75,77 үйлер, Атамбаев көшесі №68б, №68в, «8 март» көшесі №7, №8, Берғалиев көшесі №41, №41а, №33, №33а, №75, Вокзал маңы мөлтек ауданындағы №6а, №7а, №8а, №14а үйлер, Азаттық көшесі №163, 165, 167, 169, 169а, 169б, 120, 122, 124, Авангард 2 ықшам ауданындағы №1-4, №21, №22 үйлер, Лесхоз мөлтек ауданындағы №13, №40, №19, №38, №30, №37, №29, №24, №28, №10, №9, №35, №34, №23, №23а, №43, №44, №47, №55, №48, №49, №54 үйлер.

bbe5ac6e dfeb 4738 8424 c35dceb7b0b3

Брифинг барысында Б.Хамидуллаев жасалып жатқан жұмыстар қатаң бақылауда екенін және уақтылы жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол, осы жылы тағы да 150 ауланы абаттандыру жөнінде жаңа жоба әзірлеп, жыл соңына дейін бекітуді көздеп отырғанын жеткізді. Келер жылы қаладағы аулалар мен ауылішілік жолдар 100% жаңартылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button