Атырауда ауаны ластаған құрылымдар анықталды
Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл. Кейінгі уақытта Атырау қаласындағы ауа сапасының нашарлығы туралы шағым көп түсуде. Бұл мәселе, әсіресе, әлеуметтік желілерде жарыса жазылып, жұрт «кінәлі кім?» деген сауалға бас ауыртуда. «Ауаның ластануы туралы шағымдар негізінен «Су Арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен және Атырау МӨЗ-ның қалдықтарымен байланысты». Бұл – аталған тақырыпқа арнайы түсінік берген Экология министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар ЖОЛДАСОВТЫҢ жауабы.
Т и і с т і м и н и с т р л і к қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы «Су Арнасы» мекемесінің қызметі тоқтатылып, Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге кірісті. Мамандар бұл мәселенің түйінін «Атырау әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі көп миллиардтық жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек» деген пікірде. Алайда, ол қазіргі уақытта кешеуілдеп жатыр.
Ендігі жерде Экология министрлігі ағын суларға жауап беретін компанияларды, соның ішінде Атырау МӨЗ- ін тексеруді бастамақ. Жергілікті әкімдік «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, күкіртсутегі булары пайда болатын қаладағы төгінді жинақтағыштарды қалпына келтіруді де қолға алуы керек екенін еске салады.
«Қалада «Сасық сай» тұрмыстық қалдықтарды буландырғышы орналасқан. «Су Арнасы» компаниясы арқылы 80%, зауыттан 20% қоқыс шығарылады. Жинақтағышқа барлық қалалық төгінділер тазартылмай жиналады. Нәтижесінде күкіртсутектің негізгі көзі — 1000 га жер пайда болады, онда органикалық заттардың ыдырау процестері — ағынды сулар, соның ішінде мұнай өнімдері де болады. Бұл иіс әсіресе, қалада жел болмаған кезде және ауа температурасы жоғары болған мезгілде сезіледі. Сондықтан, тұрғындардан шағымдар түсуде. Сот арқылы біз «Су Арнасы» компаниясының шығарындылары мен қызметін тоқтаттық.
Әкімдік жаңа тазарту құрылыстарын салу бағдарламасын әзірледі, қаражат алды, бірақ, кестеден кешігуде. Бұл – көп миллиардтық жоба. Жобаның нәтижесінде тазартусыз төгінділер тоқтауы керек. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» бен әкімдіктің арқасында екінші кезеңде өңделген ж и н а қ т а ғ ы ш ж е р л е р қалпына келтірілуі қажет», — деп түсіндірді Экология министрлігінің өкілі Зұлфыхар Жолдасов.
Оның баяндауынша, барлық шаралар қолданылып, н ұ с қ а у л а р б е р і л г е н , қалдықтарды шығаруға тыйым салынған. Қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесі бойынша «ҚазМұнайГазбен» меморандум жасадық. Бүгінгі таңда Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеу аясында жұмысын тоқтатты. Дегенмен, компанияға қатысты тексеру мәселесін қарастырып жатырмыз, өйткені, жанама шығарындылар болуы мүмкін. Компания өз жоспарында тазарту құрылыстарын салуды, ағынды суларды оқшаулауды белгіледі. Барлығы өте баяу жүргізілуде. Енді әкімдікке де, коммуналдық қызметке де, «ҚазМұнайГазға» қатысты да шаралар қолданатын боламыз. Жаңа тазарту нысандары салынғанда, бұл мәселені шешу керек» дейді министрлік өкілі.
Аталған тақырып Атырау халқы үшін аса маңызды. Қала тұрғыны Тәуірбек Жұмабергенұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жарияланымында қаладағы ластанған ауа туралы мәселе көтерген-ді. Бұл дәлелсіз құр байбалам емес. Мұны мамандар да зерттеп, дәлелдеп отыр. Яғни, облыстық экология департаменті, шын мәнінде, Атырау ауа бассейнінің ластану фактісі қаладағы ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтері арқылы расталғанын хабарлады. Департамент биылғы 12 шілдедегі ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтеріне талдау жасап, нәтижесінде қаланың атмосфералық ауасындағы күкіртсутегі шекті рұқсат етілген концентрациядан асатынын тіркеген. Ластану көздері – Атыраудың сол және оң жағында орналасқан булану алаптары. Бұл факті бойынша департамент арқылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты тексеру тағайындалды. Оның нәтижелері туралы Экология министрлігі қосымша хабарлайтын болады.
Өз тілшіміз