КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде басқармалар арасында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы үздік мемлекеттік орган» атты іс-шараның қорытындысы – марапаттау рәсімі өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Санжан Кенжебаев жыл бойына облыс көлемінде жүзеге асырылған іс-шараларға тоқталып өтті.

Үздік мемлекеттік органды анықтау мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығы «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорымен бірлесіп сауалнама жүргізді. Жұмыс барысында облыстық басқармалардың сайттарына шолу жасалған. Оған қоса  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы департаментінің сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылық фактілерінің де мәліметтері алынған. Нәтижесінде, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы үздік деп танылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаментінің бөлім басшысы Алмаз Кәрімжанов баяндама жасады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қала, аудан көлемінде жүйелі шаралар жасалуда. Іс-шараға кез-келген мемлекеттік мекеме атсалысуы керек. Бұл туралы да арнайы Заң бар. Біздің департаментпен бірлесіп жақсы жұмыс жасаған Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен облыстық ішкі саясат басқармасын ерекше айта аламын. Жыл басынан бері орын алған кемшіліктер де болды. Атап айтқанда, тәртіптік кеңесте 59 мәселе қаралып, 5 жұмыстан босату, 1 лауазымын төмендету, 19 ескертулер жарияланды. 74 жемқорлық қылмыстық фактілері тіркелді», – деді ол.

Нұргүл  ЫСМАҒҰЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз