
ЖаңалықтарЭкология
Атырауда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 1 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.
Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавловск, Семей Өскемен қалаларында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазақпарат»