Атырауда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай шаралар алынып жатқаны белгілі болды
«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасына сай, жел жылдамдығының күшеюуіне байланысты құзырлы сала басшыларының қатысуымымен шұғыл жиын өтті»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Жұмыс тобы жиынына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов төрағалық еткен жиынға төтенше жағдайлар департаменті, «Казгидромет» РМК филиалы, білім беру, құрылыс, сәулет-құрылыс, облыстық қаржы басқармалары басшылары мен селекторлық бағытта аудан әкімдері қатысты.
«Қазіргі кезде өңірімізде желдің екпіні күшейіп тұр. Тұрғындардың қауіпсіздігі басты орында. Балалардың қауіпсіздігі үшін мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді, ал балабақшалар тәрбиеленушілерді уақытша қабылдамайды. Жауапты салалалар әсірісе, өңірдегі өмірлік маңызы бар нысандар сақтықтарын күшейтіп, жұмыстарын жандандыру керек»,- деді Қайрат Бекенов.
Жағдайдың аймақ басшысының бақылауында болатынын айтқан әкім орынбасары тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның сөзінше, зақым келген ғимараттар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. Мақат ауданындағы екі мектептің шатырын қалпына келтірілуде.
Айта кету керек, желдің ұйтқуы 25 м/с асқан жағдайда ғана бекітілген қағидаға сай төтенше жағдай жарияланады.