АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ БІРҚАЛЫПТЫ

Жаңалықтар

 

Оның айтуынша, теңге бағамы еркін айналымға жіберілгеннен бергі кезеңде бірінші кезекте тұтынылатын азық-түлік тауарларының (барлығы 33) бағаларында ешқандай өзгеріс болмаған. Тек жуаның бәсі ғана 6 пайызға көтерілген. Күні бүгінде тұрақтандыру қорында 4100 тонна көкөніс-бақша дақылдары (оның ішінде картоп та бар), 640 тонна азық-түлік тағамдары (барлығы 4740 тонна) сақтаулы. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші 9 шаруа қожалығымен тікелей келісім-шарт жасаудың нәтижесінде, қазіргі уақытта олардың күшімен 2000 тонна картоп, 1500 тонна жуа, 300 тонна сәбіз, 250 тонна қырыққабат, сондай-ақ қызылша, басқа да әр түрлі дақылдар дайындалған. Тиісінше, бұлардың сатылымға шығарылғандағы, яғни базарлар мен супермаркеттердегі орташа бағасы (бір келісі) 50-56 теңге аралығында тұрақтаған.

Бүгінгі күні облыста тұтынушыларды көкөніс түрлерімен қамту көрсеткіші 136 пайызды құраса, картоп дақылына деген қажеттілік 57 пайызға өтелген. Соның ішінде аймақтық тұрақтандыру қорының үлес салмағы 10 пайызға тең. Өткен жылы аталмыш қорды қаржыландыруға жергілікті   бюджеттен бөлінген 380 млн. теңге көлеміндегі қаражаттың 150 млн. теңгесіне халыққа бірінші кезекте керекті тауар түрлері сатып алынған.

Тұтастай алғанда, азық-түлік бағалары тұрақты және қазіргі қолдағы бар қорды есепке алғанда, жекелеген тауар (құс еті, макарон тағамдары, қант, күріш, т.с.с.)  бағаларының азды-көпті қымбатсу ықтималдылығына қарамастан, олардың бәсін ұстап қалуға мүмкіндік барын да спикер жасырмады. Соңынан ол журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.

 

Дәулетқали АРУЕВ.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған