Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды (+ФОТО)
Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды. Мұнай-газ саласы бойынша айтулы шара 9-нан басталып, 11-ші сәуірге дейін жалғасады.
«Атырау Мұнай және Газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің мақсаты Атырау облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру болып табылады. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар шақырылды. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде өткен жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай өскендігін сондай-ақ, көрмеге әлемнің 20 елінен мұнай, газ және құрылыс саласында 2000-нан астам сарапшы қатысып жатқандығын атап өтті.
«Бұл көрме 18-ші рет өткізілуде. Қатысушылардың саны артқан сайын, компаниялардың географиясы да кеңейеді. Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Бұл үшін елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осыған қарай бүгінгі күні біздің облыста 50-ден астам елдің 1000-нан астам өкілдері жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық қатысушылар жаңа серіктестер мен достар табатынына сенімдімін. Сәттілік тілеймін», — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Көрмеде 50-ден астам шетелдік және қазақстандық компания өздерінің павильондарымен, өнеркәсіптік және мұнай-газ секторындағы барлық жабдықтарымен таныстырды. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Айта кетелік, «Атырау Мұнай және Газ-2019» жыл сайынғы көрмесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығы, «КазСервис» Қазақстан сервистік компаниялары одағы және Қазақстан мұнайшылар қоғамы және геологтардың қолдауымен өтеді.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»