Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда атбегілер марапатталды

«Atyrau Atbegileri» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық спорттың жаңа деңгейде қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып жүрген атбегілер, шабандоздар мен сала ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

  • Қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасқан ат баптау тарихын, оның атадан балаға мұра болған дәстүрлі атбегілік өнерін көрсете білген, еліміздегі ұлттық спорттың, бәйгенің жаңа деңгейде қарқынды дамуына елеулі үлес қосып, өздерінен кейінгі өскелең ұрпақтың бойына ұлттық руханиятымызды сіңіріп жүрген өмірлік тәжірибелері бар ардагер атбегілеріміз жетерлік. Қазіргі таңда тұлпары топ жарып тұрған атбегілер осы ақсақалдардың шәкірттері. Айта кетейін, бүгінгі шараның төрінде аламанның алдын, бәйгенің басын бермей жүрген жас шабандоздарымыз бар. Орайы бүгінге келіп, бабадан қалған өнерді жалғап жүрген, ат спортына өзіндік үлестерін қоса білген азаматтарды ұлықтауды жөн санадық,- деді «Atyrau Atbegileri» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марат Өтепов.

Жасы егде тартқанша ат құлағында ойнап, өзінен кейін шәкірт тәрбиелеген сала ардагерлері ортаға шақырылып, ұлықталды. Атап айтсақ, Махамбет ауданы Таңдай ауылының ардагер атбегісі Орынбасар Фазылов, Құрманғазы ауданынан Ерболат Кабасов, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан Тілек Мырзағалиев, Жылыой ауданы Қосшағыл ауылынан Салық Шаукымов, Индер ауданы Өрлік ауылынан Сырымбек Абдолов, Исатай ауданынан Ғалымжан Арынгазин, Атырау қаласы Еркінқала ауылының ардагер атбегісі Исатай Дюсуповқа шапан жабылды.

Кейін, жүйрік баптап, аламан жарысқа шығара білген, құлын кезінен танып, ерекше күтім жасаған облыстың атбегі азаматтары марапатталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Индер ауданы Өрлік ауылынан Бақытбек Байзаков, Қызылқоға Мұқыр ауылынан Еркін Қабиев пен Сағынай Ризабек, Құлсары каласынан Алатау Мырзағалиев, Исатай ауданынан Ади Мажанов, Құрманғазы ауданынан Нұрбек Дюсенов, Атырау қаласының атбегілері Келес Алпысов пен Қуаныш Иманалиев, Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылынан Талбай Аманжан, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан жас атбегі Әділет Әділханұлы үздік деп танылды.

Сондай-ақ, тұлпарлары топ жарған 9 азаматқа «Үздік бапкер», ал 23 тақымы тастай, білегі құрыш жасқа «Үздік шабандоз» номинациясы берілді.

Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button