Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда ата-анасына ренжіп, үйден кеткен жасөспірімдер көбейді

Атырау қаласының аумағында 2021 жылдың жыл басынан бері  жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына 20 жуық хабарлама түскен.

Аталған оқиғалардың көбісі үйінің алдынан шығып кетіп,  өзінің аумағынан алшақтап және ата-аналарымен сөзге келіп, тұрғылықты мекен-жайынан шығып кеткен жасөспірімдер. Олардың барлығы ата-анасының хабарламасымен және полиция қызметкерлерінің іздеуі нәтижесінде 2-3 сағат ішінде табылып, ата-анасына табысталды.    

Мысалы,  2021 жылдың 4 қаңтар күні сағат 23:00 шамасында  14 жасар  жасөспірім анасына ренжіп үйінен шығып, оралмай, жасөспірім «Жайық» көпіріне қарай бағыт алған, нәтижесінде полиция қызметкерлерімен табылып, #2 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып ескерту берілді.

  Ал, 2021 жылдың 07 ақпан күні сағат 15:00 шамасында А-есімді жасөспірім ата-анасы ұялы  телефонын тартып алғандығы үшін, анасымен ренжісіп, Халелова көшесінде орналасқан тұрғын үй-жайынан шығып кетіп, 2021 жылдың 08 ақпан күні 08:30 шамасында үйіне оралған. Жасөспірімнің анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының  2 бөлігімен (түнгі сағат 23:00 ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін)әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді. Сонымен қатар, аталған жасөспірім қаңғыбастықпен айналысқаны үшін ІІО-ның есебіне алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button