Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда әскери бөлім жас сарбаздармен толықты

Көктемгі шақыру науқаны барысында Түркістан және Алматы облыстарынан 100 жас сарбаз Атыраудағы әскери бөлім қатарын толықтырды.

Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар коронавирустық инфекцияға тексеріліп, карантинге оқшауланды. Бір ай ішінде әскери міндеттілер алғашқы әскери дайындық бағдарламасын меңгеретін болады.

— Бөлімшеде барлық жағдайлар жасалған, казарма қоры дайындалған, олармен жиын өткізуге арнайы әкімшілік тағайындалған. Оған тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кіреді. Олар сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп қана қоймай, оларға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, — дейді рота командирі капитан Нұрбек Айтқалиев.

e98a9651

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button