Жаңалықтар
АТЫРАУДА «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСПАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Мұрат Хамзин мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
- Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады, — деді Мұрат Хамзин.