Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда – «Ашық есік күні»

Atr.kz/25 шілде, 2019 жыл. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес Атырау облысында 26 шілде күні «Ашық есік күні» өтеді.

Тұрғындармен кездесу сағат 17:00-де өңірдің барлық ауыл,аудан,қала әкімдіктерінде, мектеп, балабақша, спорт орталықтарында, аурухана, емханаларда және т.б. әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Сұрақтарыңыз, өтініштеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса аталған мекемелердің есігі ашық.

Атырау қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің «Ашық есік күні» өтетін орындарын атап өтейік:

— Атырау қаласы әкімдігі:Қ.Смағұлов көшесі,5 ,ДСК(ФОК) Атырау.

— Қызылқоға ауданы әкімдігі:Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залы

— Мақат ауданы әкімдігі: Мақат кенті Х.Санбаев мектебі ғимараты

— Исатай ауданы әкімдігі: “Жалын” мәдениет үйі

— Жылыой ауданы әкімдігі: Аудандық “Кең Жылыой” мәдениет үйінің жанындағы кітапхана

— Махамбет ауданы әкімдігі: Махамбет ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы

— Құрманғазы ауданы әкімдігі: “Көшекбаев” атындағы мәдениет үйі

— Индер ауданы әкімдігі: Индер ауданы әкімі аппаратының ғимараты

«Ашық есік күні» әр айдың соңғы жұма күнінде тұрақты түрде өңірдің барлық әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерінде ұйымдастырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button