Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда Армениядан әкелінген мыңыншы автокөлік тіркелді

Atr.kz/27 шілде, 2020 жыл. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік құралдарын тіркеу үшін иелері Армения Республикасының уәкілетті органынан берілген құжатты, жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеу мен баж салығын төлеу туралы түбіртектерді сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұсынуы қажет.

Бұл құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды куәландыруы тиіс.

«Біздің елімізде тіркеуден өткен көліктерге сары түсті мемлекеттік нөмір беріледі. Ал. оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды. Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелері туралы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы арнайы Call- орталықтарында, сонымен бірге, 8775-056-94-68, 98-10-55 телефондары арқылы түсінік беруде. Осы кезге 2500 азамат, оның 1114-і мамандандырылған ХҚКО-дан тиісті кеңестер алды. Маусым айынан бері Армения Республикасынан әкелінген 1000 көлік құралы есепке алынды» — деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Оның айтуынша, Атырау облысына Армения Республикасынан 7000-ға жуық, оның ішінде 2279 оң жақ рөлді көліктер әкелінген. Ал, 1000-ға жуық көлік еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына сақтандыру және сенімхаттар бойынша беріп жіберілген.

Сондай-ақ, 200-ден астам көлік техникалық жай-күйіне байланысты бөлшектеліп кеткен. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полицейлер құжатсыз жанармай тасымалдағандарды ұстаған еді.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button