Атырауда ардагерлер күресті
Atr.kz/22 қаңтар, 2020 жыл. Ақтөбе қаласында Ақтан батыр Ақайұлының жүлдесі үшін еркін күрестен ардагерлер арасында республикалық турнир болып өтті. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған бұл жарыста Атырау облысының ардагер спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Үш күнге созылған боз кілем додасының қорытындысында Рашид Мусин (78 келі), Сергей Елесейев (100 келі), Дамир Тілеуғалиев (78 келі ) және Амантай Нурадиловтер (70 келі ) өз салмақ дәрежелерінде үздік шығып, жеңіс тұғырының биік сатысынан орын алды. Ал ақтық сында ғана есе жіберген Әділбек Жәнібекұлы (78 келі) мен Нүркен Оңғаровқа (100 келі) күміс жүлде бұйырса, Нұрлыбек Нигмашев (78 келі), Артур Усиев (88 келі), Асылбек Лекеровтер (70 келі) үздік үштіктен көрінді.