
Жаңалықтар
Атырауда аптап ыстық күшейеді
4–10 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми мәлімет таратты.
Атап айтқанда, Атырау облысында 2–7 тамыз күндері аралығында ауа температурасы күрт жоғарылайды. Күндізгі уақытта ауа температурасы +33…+38°С аралығында, ал облыстың оңтүстігінде +41°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстықтың әсерінен температуралық фон айтарлықтай көтеріледі, бұл өз кезегінде төтенше өрт қаупін тудыруы мүмкін.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ