
Атырауда – ансамбльдер мен оркестрлер шеруі! (+ФОТО)
Аtr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Атырауда 7 мың мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен халықаралық балаларды қорғау күніне орай ансамбльдер мен оркестрлер шеруі өтті.


Атаулы мереке мұнайлы өңірде дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Сонымен бірге, айтулы шарада түрлі этномәдени орталық өкілдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5556 әскери бөлімінің оркестр ұжымы да өнер көрсетті.

Шара қатысушылары алдымен орталық көпірдің үстімен салтанатты маршпен жүріп өтті. Кейін Сұлтан Бейбарыс атындағы орталық алаңда абс қосты. Онда құнды мұражай жәдігерлері қойылып, мерекенің шығу тарихынан сыр шертті. Өнерлі оқушылар мен студенттер ән-жырдан шашу шашып, шырайлы шаһарды ерекше думанға бөледі.



Жиналғандарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақ үшін барлық жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті.
Аман ШАМАР
Суреттер Марина Қуанышеванікі