Жаңалықтар
Атырауда дүкен өртенді
Атырау «Дина» базары маңында орналасқан әмбебап дүкен өртенді.
«Өрт өндіру бөлімдері шақырту орнына жеткен кезде әмбебап дүкеннің төбе жабындысының жануын анықтады. Жану салдарынан 800 шаршы метр көлемінде төбе жабындысының өртенуі болды. Өрт 14:27 сағатта ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды. Өрттің шығу себептері анықталуда», — деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.
Өртті сөндіруге барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде, өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді.