«Жаңа экологиялық автобустар 11 қаңтардан бастап қызмет көрсетеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, комфорт санатты экологиялық автобустар алты бағытта жолаушы тасымалдайды.
Атап айтқанда,
№3 автобус «Атырау – Дина базары»;
№15 автобус «Сарықамыс – Вокзал ықшамауданы»;
№30 автобус «Тұрғындар қалашығы» – «Жеңіс саябағы»;
№58а автобус «Көктем – Дина базары»;
№59 автобус «Теңдік – Вокзал;
№62 автобус «Қараөзек – Дина базары» бағыттарында жолаушыларға қызмет көрсетеді.
