
Атырауда Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті
Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге келген Алғыс айту күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында салтанатты шара өтті. Сахна төріне көтерілген облыс әкімі Серік Шәпкенов ҚХА мүшелеріне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

“Құрметті Ассамблея мүшелері! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын! Ассамблея жылдар бойы халқымыздың ырысты ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы ұйымның белсенді қызметіарқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімдідамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылды. Парламентте өкілдері бар Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналды. Ұйым мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елгеқажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр, Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді. Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пенынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты бастықұндылықтарды дәріптеу жолындаайрықша рөл атқарады.
Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін аянбай еңбек етебересіздер деп сенемін.
Жетістіктеріңіз көп болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!” — делінген құттықтау хатта.

Өңірдің өнер иелері салтанатты шараның көркін қыздырды. Олардың арасында мың бұрала билеген би ұжымдары да, күміс көмейінен ән төгілген жезтаңдай әнші де, күйі күмбірлеген күйші де бар. Сондай-ақ, өзге этнос өкілдері қиын кезеңде жартысын жарып, бүтінін бөліп, бауырға басқан, ынтымақ пен бірлікте тату ғұмыр кешкен қазақ халқына алғыс айтты.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ