Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда алғашқы мопед тіркелді

Атырау қаласында алғаш рет мопед көлігі ресми түрде тіркеуден өтті. Оны есепке қойған алғашқы тұрғын – 36 жастағы Руслан Абдугусейнов. Ол мопед маусымының басталуын күтпестен, көлігіне мемлекеттік нөмір алып, қажетті рәсімдерді толық орындады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мопедті тіркеу үшін иелері жеке куәлік немесе оның сандық нұсқасы, техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе ашық көздерден алынған мопедтің сипаттамасы туралы мәліметтерді ұсыну керек.

Сонымен қатар көлік иесі арнайы өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баждарды төлеуі тиіс.

Биыл 5 сәуірден бастап, «Жол қозғалысы туралы» Заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Осыған сәйкес, 50 текше метрлік мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Бұл өзгерістер мопед иелеріне А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуын, мопедке мемлекеттік нөмір алу, міндетті сақтандыру және техникалық тексеруден өту секілді бірқатар талап жүктейді.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button