Атырауда алғаш рет жергілікті құрылыс материалын шығарушылар көрмесі өтті

878a0d38 401b 4ccb 8664 eff80bbdb190 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында қуатты өңірдің тұтастай елдің өсіп-өркендеуінің кепілі болып табылатынын баса айтқан болатын. Мұнда барлық салада дерлік кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп, оның дамуына қолайлы іскерлік ортаны қалыптастырудың маңызы зор екенін меңзеді. Ол үшін бизнеске тиімді қолдау көрсетіліп, бәсекелестіктің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

Президент жүктеген бұл міндеттің құрылыс саласын да сырт айналып өтпейтіні, оған да тікелей қатысты екені белгілі. Өйткені, республикамызда, қалаберді өңірімізде  бой көтерген әрбір ғимаратта, әлеуметтік нысанда құрыш білек иелерінің өзіндік қолтаңбасы бары анық. Сол себепті де, жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мереке – Құрылысшылар күні қарсаңында облыс әкімдігінің, құрылыс және индустриялық-инновациялық даму  басқармаларының ұйытқы болуымен жергілікті құрылыс бұйымдарын өндіруші компаниялар өкілдерінің қатысуымен көрме ұйымдастырылды.

Сәрсенбінің сәтінде Атыраудағы орталық көрме залында өткен мерекелік шараға қазыналы өлкемізде құрылыс индустриясының ілгерілеуіне лайықты үлесін қосып жүрген 20 -дан астам отандық компания қатысып, өздерінің өндірген тауарларынкөрмені тамашалай келген көпшілікке паш етті. Атап айтқанда, онда жергілікті кәсіпорындарда шығарылған гипсокартон, кірпіш түрлері, құрғақ құрылыс қоспалары, қасбет, жабынды материалдар, төсеніштер, сантехникалық бұйымдар, тағы басқа қтолып жатқан, заманауи үлгіде, халықаралық стандартқа сай дайындалған сан алуан құрылыс материалы қойылды.

– Осындай форматта тұңғыш рет өткізіліп отырған көрменің көздегені – жергілікті құрылыс компаниялары өкілдерінің назарына  өңірде шығарылатын өнімдерді ұсынып, олардың арасында ынтымақтастықты орнатып, іскерлік байланысты нығайту, осылайша құрылыс материалдарының тұтынушыларға  танымалдылығын арттыруға септесу, – дейді ұйымдастырушылар.

Көрмеге облыс әкімі Серік Шәпкенов келіп, қатысушы компаниялар өкілдерімен сұхбаттасты. Олардың әрқайсысының әкелген тауарларымен жете танысып, кәсібін одан әрі дамытып, өнімдерінің өтімділігін күшейту үшін жергілікті атқарушы билік құрылымдары тарапынан қандай көмек, қолдау қажеттігін сұрап, қолға алған істеріне кедергі келтіріп, қиындық тудырып отырған жайттардың бар-жоғын білді. Өз кезегінде әкімдік бұл саладағы бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде алғашқы сөз кезегін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысушыларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, көрмені ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.       ­           

– Құрметті құрылысшылар, өңірімізде бой көтерген әрбір ғимарат пен пен нысанда әрқайсыңыздың қолтаңбаңыз қалды. Бойыңызда тоғысқан талант пен талғамның арқасында Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне үлес қосып келесіздер!. Бұл ретте өңірде салынатын немесе жұмысы жүріп  жатқан қандай да құрылыс болмасын, алдымен сапаға баса назар аударуды талап етері сөзсіз.  Өйткені, міндет ­-ғимаратты салып қана қою емес, болашақта сол үйлерде тұрып,   өмір сүретін тұрғындарының өмірі үшін де жауаптымыз. Сонымен бірге құрылыс индустриясын дамытып, қолданылатын материалдар мен бұйымдарды өзімізде өндіріп, тауарлардың өзіндік құнын төмендету де маңызды. Бүгінгі көрмені соның іс жүзіндегі көрінісі, салтанаты деп бағалауға әбден болады. Оның үстіне, мұндай шаралар әріптестердің өзара тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренуге, ынтымақтастықта еңбек етіп, өнімдерінің танымал бола түсуіне оң ықпалын тигізетініне сенімдімін, – деді Қайрат Талапұлы. Ал, көрмеге қатысушы кәсіпорындардың атынан сөз кезегін еншілеген «Полифасад» компаниясы» ЖШС директоры Асхат Бағыт әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс, бастамаларына сәттілік тіледі.        

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста құрылыс материалдарын өндіретін 43 шағын және 2 орта кәсіпорын жұмыс жасайды. Биылғы алты айда олардың күшімен 11,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, жылдық жоспардың орындалысы 80 пайызға жуықтады. Құрылыс процесін оңтайландыру мақсатында салаға цифрландыру бағдарламасы енгізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз