«АҚЖОЛДЫҚ» ДЕПУТАТ АТЫРАУЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ (+ФОТО)

img 20210615 wa0027 Жаңалықтар

БҮГІН, ЯҒНИ, 15 МАУСЫМ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАСҰЛАН ИСМАГУЛОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ.

🟢Қабылдауға көпбалалы ана келіп, әлеуметтік көмек сұрады. Оның жеті баласы бар. Соның біреуі керең-мылқау, яғни, төртінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ол арнайы интернатта оқиды. Бұрын оған мемлекет тарапынан компьютер, ұялы телефон, планшет немесе басқа да қажетті құрал-жабдықтар беріліп тұрған екен. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандардың құлшынысы шексіз. Сондықтан, олардың ой-өрісін дамыту үшін жаңа технология тетіктері ауадай қажет.

img 20210615 wa0020

🟣Ал, қазір бұның бәрі де сап тыйылған. Көпбалалы отбасы қазір жалдамалы үйде (времянка) тұрып жатыр. Сондықтан жоғарыда аталған құрылғыларды сатып алуға жағдайы жоқ. Расымен де, бүгінгі ХХІ ғасырда мүмкіндігі шектеулі жандардың ғаламтор игілігін көре алмауы әділетсіз жағдай. Баласына шырылдаған ана халық қалаулысынан осы мәселені шешуге атсалысуды сұрады.

✅Өз кезегінде Жасұлан Ысқақұлы түйткілдің түйінін тарқатуға тырысатынын жеткізді. Осы орайда, «ақжолдық» депутаттың атынан тиісті орындарға хат жолданып, алынған ресми жауап негізінде нақты жұмыстар жүргізілмек. Мұны естіген көпбалалы ана халық қалаулысына аналық алғысын айтып, жұмысына табыс тіледі.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы

img 20210615 wa0024

#aqjol_news
#aqjol_atyrau
#aqjol_bugin
#aqjol

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз