
ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда алғаш рет үкіметтік емес ұйым күні атап өтілді (+ ФОТО)
Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Шара «НПО Hub» нетворкинг алаңы аясында өтті.
Нетворкинг барысында жас және кәсіби бірлестіктерді қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту бағытындағы шаралар ұйымдастырылды.

Нетворкинг алаңына Атыраудағы белсенді жұмыс жасайтын 60 ҮЕҰ өкілдері және 40-ға жуық бизнес өкілдерімен бірге, Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Шапкенов пен Атырау қаласы әкімі Алимұхамед Құттымұратұлы, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты.




