Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда әлеуметтік желілерде жиі отыратын әкімдер кімдер?

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Соңғы кезде жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік желілерде тіркелу міндеті қойылып келеді.

Мысалы,  Атырау облысындағы шенеуніктер «Телеграмм» әлеуметтік желісінде өздерінің жеке чаттарын ашып, түскен сауалдарға жауап беруге міндетті екен. Ал, шынында, әкімдер чаттарын оқи ма,  жауап беруге қаншалықты құлықты? Міне, осыны білу мақсатында, біз Атырау облысындағы  7 ауданның әкіміне төмендегі сауалдарды  жолдағанбыз:

-«Телеграм»-дағы чатыңызды оқисыз ба?

-Түскен сауалдарға жауап бересіз бе?

— Жалпы, чаткқа қанша сауал келіп түседі?

-Соңғы рет қандай сауалға жауап бердіңіз?

20190402105232 74941

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи:

–Өзім ашқасын, әрине, оқимын.

–Әрине, сауалдарға өзім жауап беремін.

–Күніне 30-40 сауал түседі.

–Нақты есімде қалмапты, бірақ, чатымды өзім қадағалап, жауап беріп отырамын.

20190402105403 58782

Мақат ауданының әкімі Жұмабай Қарағаев:

–      — Әрине өзім қадағалап оқып отырамын.

–       -Бөлім басшылары жауап беріп жатыр.

–      — 3-4 сауал беріледі.

–      — Полигон жөніндегі сауалға  жауап   берілді.

20190402105552 98670

Махамбет ауданы әкімі Ахметов Жәрдемғали:

— Өзім және мамандарыммен бірігіп жүргізіп отырамыз.

— Сағат сайын сауалдар түседі. Ол сұрақтар барлық бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне жіберіледі. Сала бойынша жасалған жұмыс болса, 1 сағатта жауап беріледі. Ең негізгі көп қойылатын сауалдар: ауыл тазалығы, бұралқы иттерді жою, ашық жатқан шұңқырларды жабу. т.б

20190402111348 89456

Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз Байдәулетұлы Шаяхметов:

— Чатты міндетті түрде өзім оқимын. Белгіленген  жауапты да адам бар. Ол орынбасарым – Жандос Мнафихұлы Бектеміров.

— Сауалдар көп, басым бөлігі тұрғындардың тұрмысы жөнінде. Күніне қанша сұрақ түсіп, қаншасына жауап берілгені жөнінде арнайы ашылған кітапшаға тіркеліп отырады.

20190402111639 43032

Марат Мурзиев, Исатай ауданының әкімі:

–Бүгінен бастап атаулы әлеуметтік көмек бойынша сұрақтар келуде. Негізінен, ауданның телеграм чат каналына тұрғын үй, жол тақырыбындағы мәселелер қойылады. Қазір 500-ге тарта оқырман бар. Өзіме тікелей қойылған сұрақтарға жауап беремін. Маған соңғы әлеуметтік көмек жөнінде сұрақ келді.

20190402112225 56624

Арман Баженов, Қызылқоға ауданының әкімі:

Телеграм канал былтыр қараша айында ашылды. Бүгінде 1186 оқырман бар. Чатта қойылған сұрақтардың бәріне жауап беріледі. Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды. Чатта көбіне электрмен қамту, мал дәрігерлігі саласы, газдендіру, тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтар көптеп түседі. Ал өзім күн сайын каналды қарап отырамын.

20190402112315 42819

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Рашев Жантөре:

— Чат ашылды, жалпы әкімнің бақылауында. Негізгі бұнда түскен сауалдарды ішік саясат мамандары тіркеп отырады. Көбіне қалалық әкімдікке қатысты сауалдар болғандықтан, сол жаққа жолданып, жауабы алынып отырады.

 — Күніне 2-3 сауалдан түседі.

Дереккөз: «Аtpress.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button