Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Қазан айының соңғы жексенбісі, 2011 жылдан бастап «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» ретінде бекітілген болатын. Атыраудағы кәсіби мереке биыл Н.Жантөрин атындағы филармонияда облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің  қатысуымен өтті.

   – Әлеуметтік қызмет – облысымыздағы үлкен салалардың бірі. Екі мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Жиырмадан астам түрлі мемлекеттік мекеме бар. Ең маңызды мемлекеттік функциялардың бірі – бұл әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болса, жауапкершілігі мол саланың жүгін көтеріп отырған осы қызметкерлер.

as 2

Бұл күн — өзге жанның ауыртпалығын арқалап, оны шешуге бар күш–жігерін жұмсайтын абзал да мейірімді жандардың мерекесі. Күннен-күнге сала күрделеніп келе жатыр. Адамдарға көрсететін қызметтері мен түрлері де өзгерген. Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған қамқорлықтың арқасында қызметтердің сапасы артып, материалдық техникалар жақсарып, жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қысқаша мысал келтіре өтсем, жыл аяғына дейін Жылыой ауданынан тағы бір әлеуметтік нысан ашылғалы отыр, Махамбет ауданынан балаларға арналған оңалту орталығы бой көтермек, сондай-ақ, қаладағы кейбір әлеуметтік нысандарды жөндеп ел игілігі үшін пайдалануға бермекпіз, — деген облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мереке иелерін құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында сіңірген еңбектері үшін бір топ қызметкерге  Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісін, Құрмет грамотасын және облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

as 4
as 3

Олардың қатарында №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қарттар мен мүгедектерге арналған орталығының директоры Қилымқас Күзембаева, №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 18 жастан асқан психоневрологиялық жүйке аурулар орталығының палата санитары Әлия Рсалиева, №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық жүйке аурулар орталығының палата санитары Гүлжан Жұмағазиева, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің медико-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Шолпан Ахыновалар бар.

Салтанатты шарда отызға жуық сала маманы арнайы марапаттарға ие болса, әлеуметтік қорғауды қажет ететін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша  үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік танытып жүрген «Досқайыров» шаруа қожалығы, «Теңізшевройл» компаниясы, «Болашақ – Атырау» компаниясы, «ЖігерМұнайСервис» мекемесі, «Новус Болашақ» компаниясы, «ККТС» компаниясы,  «Сарайшық демалыс кешені» басшылары да марапатталды.

555

Облыстық Мәслихатының  депутаты Нұрлыбек Даралиев салтанатты шарада сөз  алып, сала ардагерлерін құттықтады. Шара барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мерекеге орай басқармаға қарасты орталықтар арасында өткен  «Спорт – денсаулық кепілі» атты спартакиада жеңімпаздарын салтанатты жағдайда марапаттады. Жүлделі I орын №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, II орын №4 қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, III орын облыстық мүгедектерді оңалту орталығының басшыларына табысталды.

Қиын да қажетті салада тер төгіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары әнмен әрледі.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button