Атырауда әлеуметтік нысандарды салуға 19 жер учаскесі бөлінді
Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қаланың әлеуметтік нысандарды салу туралы бас жоспары аясында білім беру нысандарын салу үшін – 5 учаске, медициналық орталықтар үшін, яғни емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтарына арналған – 14 учаске бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.
-Бүгінгі күні басқарма тарапынан білім беру нысандары бойынша Махамбет ауданы Сарайшық аулынан мектеп құрылысы, Атырау қаласындағы №17 мектепке, №3 мектепке, №16 мектепке, Мақат ауданы Мақат кендегі 250 орындық №2 мектепке жапсаржай құрылысы үшін жер бөлінді. Ал, денсаулық сақтау нысандары бойынша Атырау қаласынан Нұрсая, Өркен ықшам аудандарынан 250 орындық емхана, Атырау қаласы Амангелді ауылынан, Жұлдыз ықшам ауданынан дәрігерлік амбулатория пунктінің құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Балқұдық ауылдарынан дәрігерлік амбулатория пункті, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт салынбақ. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданы Кадырка, Шағырлы, Алтыншы ауылдарынан медициналық пункт құрылысы жүргізілетін болады. Оған қоса, облыстық окнологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус, Атырау қаласынан үш қосалқы стансасы бар жедел жәрдем стансасы, 250 төсектік психикалық денсаулық сақтау орталығы, Құрманғазы ауданынан мүрдехана құрылысын бастау жоспарлануда, деді Н.Құсайынов.
Айта кетейік, анықталған жер телімдеріне 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін қажетті жұмыстар жасалуда.