Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда алдағы бесжылдықта 7 мың отбасы баспаналы болады

«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Атырау облысында 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жjспарлануда екенін айтты.

Сондай-ақ, облыс бойынша 7 кәріздік-тазарту иммараттарының құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жобалары жүргізілетін атап өтті.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жиынды қорыта келе, фракция мүшелеріне «Жол картасының» орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту және тағы басқа бірқатар тапсырма берді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button