Атырауда «АЛАДДИН» ертегісі сахналанбақ

mrorpop Жаңалықтар

МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫ КӨРЕРМЕНДЕРДІ ЖАҢА ПРЕМЬЕРАЛАРЫМЕН ҚУАНТПАҚ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА ТЕАТР ӨКІЛДЕРІ ҮШ ЖАҢА СПЕКТАКЛЬДІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ. ЖУЫРДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛМЕК.

«Балалар жылы» аясында кішкентай көрермендер театрмен қауышады. Шығыс ертегісінің жауһары А.Галланың «Аладдин» ертегісі сахналанып, басқа да қойылымдар көрерменге ұсынылмақ. Драматург Қ.Мұратовтың «Қуыршақтар» психологиялық монодрамасы актер-режиссер С.Əлиханұлының алғашқы ерекше жанрдағы қойылымы əрі режиссерлық қырынан дебюті болмақ. Жиын соңында театрдың бас режиссері Ж.Телтаев Кəсіби театрлар арасындағы балаларға арналған І Республикалық ертегілер фестивалі тұңғыш рет мұнайлы өлкемізде өткізілетінін де тілге тиек етті.

Жайна МƏЛІМҚОЖА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз