Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен

Атырау облысы Индер ауданында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды atr.kz
Қылмыс 3 қазан күні, сағат 11:19 шамасында болған. Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел, нәрестені шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені тауып алған ауыл тұрғыны, азаматша А.-дан Полиция бекетіне Индер кентіндегі көше бойындағы дәретханада жаңа туған сәбидің жатқандығы туралы ауызша хабарлама түскен.
Аталған оқиға бойынша жедел іздестіру нәтижесінде анасы 1990 жылғы Л. есімді азаматша екендігі анықталып, ҚР ҚК-нің 119 б., 1б қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, нәресте тірі, ұл бала, бойы — 56 см, салмағы -3 келі. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткен кезде нәресте ауыр хәлде болған. Денесі суықтап қалған. Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы қалыпты. Анасымен бірге аудандық аурухананың перзертхана бөлімінде. Анасы Л. бұған дейін гинекология бөліміне есепке тұрмаған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button