Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Атырауда агро өнім өндірушілерге былтыр 3,7 млрд. теңге субсидия төленді (+ИНФОГРАФИКА)

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Нәтижесінде агросектордағы жалпы өнім көлемі 86 млрд. 500 млн. теңгені құрады. Озық технологиялардың есебінен қуаттылығын арттырған субъектілер де бар.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Мысалы, «Бұйырғын» кооперативі 104 тонна өнім өндіріп, агросектордағы ірі шаруашылықтардың біріне айналды. Махамбет ауданындағы «Дастан» шаруа қожалығы инфрақұрылымын жаңартып, дақылдардың шығымдылығын 2,5 есе арттырды.

Аталған шаруашылық былтыр 1 гектар жылыжайды іске қосып, науқаннан тыс мезгілдерде де көкөністер өндіруге кірісті» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

img 20210217 wa0043

Биыл жалпы құны 2 млрд. 600 млн. теңгенің 4 жобасы іске асырылып, 40 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, ​ atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

img 20210217 wa0043

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button