Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мектеп жанынан жылыжай ашылды

Атыраудағы №41 мектеп-гимназия оқушылары енді экологиялық таза өнімдерді өздері өсіреді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жылыжай «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша іске асырылатын «Экология» қоғамдық қорының «Жасыл мектеп» жобасы аясында салынып отыр.

Көлемі 14х6 метр болатын жылыжайда гүлдер, көкөністер өсіруді жоспарлап отыр. Жобаға 3-9 сыныптар аралығындағы 380 оқушы қатысады.

-Өздеріңіз білетіндей Атырау облысындағы экология — басты мәселелердің бірі. Сондықтан, осындай инновациялық және жасыл жоба біздің мектептердің бірінде жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл жобаға тек табыс тілеймін, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков.

Жоба авторлары атап өткендей, жылыжайда балалармен тек биология пәнінің мұғалімдері ғана жұмыс істей алмайды, ең бастысы — мұғалім балалармен де, өсімдіктермен де тіл табыса білуі керек.

teplica3

-Жобаға кіріспес бұрын біз мектепте экобілім беруді енгізуге ғана емес, сонымен қатар мектеп жанындағы жылыжайды ұйымдастыруға мүдделі мектеп іздей бастадық. Біздің сұрауымызға №41 мектеп жауап берді. Біз Атырау облысының білім басқармасына алғысымызды білдіреміз, олар да біздің жобамызды қолдады. Болашақта экобілім беру барлық мектептерде қолжетімді болады деп үміттенеміз,- деді «Экология» ҚҚ басшысы Татьяна Тегай.

Жоба бір жылға ғана созылатын болса да, Қор келесі жылы сабақ беруге және жылыжайды күтіп ұстауға көмектесуді жоспарлап отыр.

teplica4

Сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының экология бөлімінің бас менеджері Ронда Йодер Теңіз кен орнында қалдықтардың 35 түріне дейін өңдейтінін және қайта өңделген қалдықтардың 44 пайызына дейін қайта пайдаланатынын жеткізді.

— Нәтижесінде қанша қоқыс пайда әкелетінін елестете аласыз. «Жасыл мектеп» жобасына қатысушы балалар жинайтын және сұрыптайтын бөтелкелер мен қағаздарда да солай болады. Эколог ретінде мен балалардағы табиғатты қорғауға деген шынайы қызығушылықты көргеніме өте қуаныштымын. Мен мұнда балалар отырғызатын тұқымдар тек жылыжайда ғана емес, жобаға қатысушылардың жүрегіне де жеміс береді деген үміттемін,- деді ол.

Сонымен, жылыжай мен өсімдік шаруашылығын салудан басқа, экологтар балаларға су мен энергияны үнемдеу, велосипедпен жүру және қалдықтарды бөлек жинау негіздерін үйретті. Нәтижесінде, жобаны жүзеге асыру барысында балалар 38 кг қағаз қалдықтары мен 20 кг пластикалық бөтелкелерді жинады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button