Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда 91 метр тутұғырдың неліктен құлағаны белгілі болды

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл.Өткен жылы 91 метрлік тутұғырдың құлауына оның құрылысына бөлінген қаражаттың ұрлануы себеп болған. Қала орталығындағы ең көрнекті жобалардың бірі болуы тиіс нысан жел қысымына төтеп бере алмады.

Осылайша, бөлінген 203 млн теңгені үнемдемек болған мердігер мекеменің заңға қайшы әрекеттері анықталды.

Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары:

– Сапасына күмән тудыратын материалдарды қолданған деректер анықталуда. Бұның нәтижесінде адамдардың өміріне қатер төнген. Нәтижесінде прокорутура сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, болған оқиғаны анықтау үшін экономикалық тергеу департаментіне құжаттар жолданды.

Прокурорлардың сөзінше, мердігер мен жергілікті атқарушы органның заңсыз әрекеттерінен туындаған апаттық жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Енді тергеудің қалай аяқталарын уақыт көрсетпек. Дегенмен тутұғырдың құрылысы тоқтамады. Мердігер компания барлық жаупкершілікті өз мойнына ала отырып, авторлық қадағалаумен жұмысты одан әрі жалғастырмақ.

«caspianlife.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button