Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 900 орындық жатақхана салу жоспарда

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарасты 900 орындық студенттер үйі салынады. Қазір жатақхананың жобалық-сметалық құжаты жасақталып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5874
Screenshot

Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған жатақхана жергілікті билік пен министрліктің қаржыландыруы нәтижесінде бой көтермек. Сол арқылы университет өз студенттерінің жоғары білім алуына ғана емес, жағдайларының қолайлығына да мүмкіндік жасамақ.

img 5872 1
Screenshot

Сондай-ақ Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжіне 300 және О.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжіне 150 орындық жатақхана салу жоспарланды. Бүгінде қос нысанның да жобасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қажетті қаржыны бөліп, құрылыс жұмыстарына биыл кірісу көзделген. Оған қоса кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдар студенттерді тұрақты орын-жаймен қамтамасыз ету үшін 300 орындық нысанды сатып алу мәселесін қарастырып жатыр.

Жалпы Атырау облысындағы қос университетке қарасты жатақханаларда 1200-ге тарта студент тұрады. Ал колледждерге тиесілі жатақханалардағы орын саны 1645-ті құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button