Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 7 миллион көшет отырғызу жұмыстарының қалай атқарылып жатқаны белгілі болды

«Алдағы бес жылда облыстың орман қоры жерлеріне 7 миллион көшет, ал елді мекендерге – 540 мың ағаш отырғызылу қарастырылған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Экологиялық ахуал өңіріміз үшін өзекті мәселенің бірі екені белгілі, — деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

– Президенттің 2025 жылға дейін орман алқабында жаппай ағаш егу мен елді мекендерді көгалдандыруды тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Биыл 700 мыңға жуық тал, 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Өңірдегі «Теңізшевройл», NCOC, АМӨЗ және «Ембімұнайгаз» сынды ірі мұнай-газ кәсіпорындарымен де көгалдандыру жұмыстарына қатысты меморандум жасалды. Олар осы күзде жұмыстарын бастайды.

Атырау қаласының тұрғындары жиі көтеретін мәселенің бірі – атмосфералық ауа сапасы. Оларды ауада жағымсыз иістің таралуы алаңдатады. Бұл ондаған жылдар бойы тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың кәріздік суларын тазарту қондырғыларының болмауынан туындаған мәселе. Облыс әкімдігі оны шешу үшін 2021-2025 жылдарды қамтитын кешенді шаралар қабылдады. Соның ішінде, биыл қаланың сол жақ бөлігіндегі жаңа кәріздік-тазарту имаратын іске қосу жоспарлануда.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button