
Жаңалықтар
Атырауда 654 балаға айттық таратылды
Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде 654 балаға сыйлық таратылды, деп хабарлайды amin.kz
Айттықтарды балаларға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, «Иман жастары» еріктілері үлестірді.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген керемет сөз бар. Ораза Айт – сыйлық алатын, сыйға бөленетін керемет мереке. Барша мұсылман қауымы асыға күтетін мерекеде балаларымызға да ерекше көңіл бөлу маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.